Accessibility links

Тбилиси Мәскеуді өзінің Абхазия мен Оңтүстік Осетия республикаларының қолтықтарына су бүркеп отыр деп айыптауда


Грузия президенті Михаил Саакашвили өзінің саясатын елдің сепаратистік республикаларының автономиясын қамтамасыз ету мен ел ішіндегі жанжалдарға Ресейдің килігуіне арнайтынын мәлімдейді. Кеше өзінің билікке келуіне 1 жыл толуына байланысты журналистермен және саясаттанушылармен телефон арқылы өткізген әңгімесінде М.Саакашвили осылай деп мәлімдеді. Тбилиси Мәскеуді өзінің сепаратистік Абхазия мен Оңтүстік Осетия республикалырының қолтықтарына су бүркеп отыр деп айыптауда. Мәскеу ол айыпты мойындамай, Абхазияда өзінің мүддесін қорғайтынын айтып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG