Accessibility links

Шарм Аш-Шайхтағы халықаралық конференцияның делегациялары Ирақ үкіметіне сайлауды мезгілінде өткізуге қолдау білдіретін мәлімдемеге қол қоймақшы


Мысырдың Шарм Аш-Шайх қаласындағы Ирақтың болашағына арналған халықаралық конференция бүгін өзінің соңғы екінші күнін өткізеді. Кеше – бірінші күні Мысыр, Иордания және Араб елдері Лигасының делегаттары Ирақтағы сайлауды оның ойдағыдай өтуіне кепіл болуы үшін кейінге қалдыруды ұсынды. Елдегі сүнни мұсылмандарының сайлауға байкот жариялау мүмкіндігімен қорқытып, бүлік шығаруына қарамастан, Ирақ үкіметі сайлауды 30 қаңтарға тағайындаған болатын. Әйтсе де, Шарм Аш-Шайхтан келіп жатқан хабарларға қарағанда, конференцияның барлық делегациялары Ирақ үкіметіне сайлауды мезгілінде өткізуге қолдау білдіретін мәлімдемеге қол қоймақшы. Мәлімдеме жобасында Ирақтағы терроризмге наразылық білдіріліп, Ирақтағы жанжалдасушы жақтардың барлығын шектен тыс күш қолдаудан аулақ болуға шақырады.
XS
SM
MD
LG