Accessibility links

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Ұйым мен АҚШ-тың ресми бақылаушысы сенатор Р.Лугар Украинадағы президент сайлауында көз бояушылық болды деп мәлімдеуде


Бүгін Киевте жексенбілік президент сайлауының қорытындысына қарсы кешегіден де үлкен наразылық митингісі өтетін түрі бар. Кеше Мәскеу қолдаға үміткер, премьер-министрі Виктор Януковичтің анық жеңіскеу жеткеніне күмән келтірген В.Ющенконың ондаған мың жақтасы Киевтің орталығына жиналды. Львовта көшеге 20 мыңға жуық адам шықты. Дауыстардың 99 пайызы есептелген соң, В.Янукович В.Ющенкодан 3 пайызға жуық артық дауыс жинаған болып шықты. Соған қарамастан, оппозиция және Киев, Львов, Ивано-Франковск, Винница сынды 5 ірі қаланың кеңестері Орталық сайлау комиссиясына сенімсіздік білдіріп, Ющенконы жеңді деп мәлімдеп үлгерді. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Ұйым мен АҚШ-тың ресми бақылаушысы сенатор Ричард Лугар сайлауда шынында да көз бояушылық болды деп мәлімдеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG