Accessibility links

Кофи Аннан Таяу Шығыс келіссөздеріне жол ашылды дейді


Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Кофи Аннан Таяу Шығыста бейбітшілік орнату мүмкіншіліктері жаңадан ашылып тұр деп мәлімдеді. Египеттің Шарм Ел-Шейх қаласында өтіп жатқан конференция кезінде Кофи Аннан АҚШ сыртқы істер министрі Колин Пауелл, Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров, Еуропа Одағының сыртқы саясат үйлестірушісі Хавиер Солана, Еуропа Одағының кезекті президенті Бен Ботпен бейресми жағдайда кездескен соң осындай тұжырымға келдім деп айтты. Палестинада сайлау 9 қаңтарда өткізілмек, Ясир Арафаттың орнына жаңа басшыны сайлатуға барлық тараптар ынталы, - деді Кофи Аннан.
XS
SM
MD
LG