Accessibility links

БҰҰ-ының Ауғанстанда 4 аптадай тұтқында отырған шетелдік 3 қызметкері кеше аман-есен босатылды


БҰҰ-ының Кабулда күндіз ұрлап әкетіліп, Ауғанстанда 4 аптадай тұтқында кепілдікте отырған шетелдік 3 қызметкері кеше аман-есен босатылды. Ауғанстанның ішкі істер министрі Әли Ахмад Джалали Солтүстік Ирландия мен Косово өлкесінен келген 2 әйел мен филиппиндік дипломатты кеше таңертең Кабулда қалдырып кеткенін хабарлады. Аталған үш кісіні қазіргі уақытша президент Хамид Қарзай жеңіске жеткен тұңғыш президент сайлауының артынша 28 қазан күні Талибан қозғалысынан бөлініп шыққан “Мұсылман армиясы” тобы ұрлап алып кеткен болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG