Accessibility links

Карла Дель Понте: “Сербия мен Черногория әскери қылмыстары үшін айыпталғандарды ұстауға көмек бермей отыр”.


Әскери қылмыстар бойынша Халықаралық трибуналдың Югославия ісі бойынша бас прокуроры Карла Дель Понте ханым Сербия мен Черногорияны әскери қылмыстары үшін айыпталғандарды ұстауға көмек бермей отыр деп ащы сынға алды. Айып тағылғандар аталған екі елдің жерінде бас сауғалап жүргенге ұқсайды. БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінде Дель Понте ханым Босния мен Хорватия республикаларының да Трибуналмен ынтымақтастығын жақсарту қажеттігін атап көрсетті... Әйтсе де бас прокурор: “Сербия өзнің халықаралық міндеттемелерін қасақана елемей отыр”, -деп, әсіресе Белградтың атына қатты сын айтты.
XS
SM
MD
LG