Accessibility links

К.Аннан: “Косово өлкесінің құқықтық мәртебесі анықталды деп айтуға тым ерте”


БҰҰ-ының Бас хатшысы Кофи Аннанның пікірінше, Косово өлкесінің құқықтық мәртебесі анықталды деп айтуға тым ерте. Косовоны басқарып отырған БҰҰ-ы - аталмыш өлке үшін өзі белгілеген қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздіктің және адам құқықтарының стандарттары қолдау таппай жатып, ол өлкенің мәртебесі туралы мәселе әлі талданбайды. Алайда БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінде бұл мәселе, К.Аннанның атап көрсетуінше, өте баяу жылжуда. Косово халқының басым көпшілігін құрайтын албандықтар тәуелсіздікті талап етіп жатса, Белград - өлке Сербияның құрамында қалу керек деп сіресіп отыр.
XS
SM
MD
LG