Accessibility links

ЕуроОдаққа төрағалық етуші Нидерландының премьер-министрі Ян Петер Балкененде Украинадағы президент сайлауына қатты алаңдайды


Еуропа Одағына төрағалық етуші Нидерландының премьер-министрі Ян Петер Балкененде Украинадағы президент сайлауына қатты алаңдайтынын мәлімдеді. Украина президенті Леонид Кучмамен кеше телефон арқылы болған әңгімесінде ол сайлаудың екінші турының бастапқы қорытындысы Украина халқының шынай тілегін көрсетеді деген дегенге күмән келтіретінін атап көрсетті. Ресей президенті Владимир Путин – сайлаудың ресми қорытындысы шыққанша, Украинадағы сайлауды сынауға болмайтынын атап көрсетті. Вашингтон Киевті “ұйымдасқан бұрмалаушылықтар” туралы күдіктер тергеліп біткенше, сайлау қорытындысын бекітпеуге шақырды.
XS
SM
MD
LG