Accessibility links

В.Ющенко: “Орталық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын бұрмалады. Халықтың нағыз қалауы бүгін парламентте жарияланды да мен Библия алдында ант бердім”


Украина президенті тағына оппозицялық үміткер В.Ющенконы қолдайтындардың басым көбі Киевтегі президент әкімшілігі алдындағы алаңнан қайтты. Оппозиция лидерлері оларды президенттікке үміткерлер В.Ющенко мен В.Януковичтің қазіргі мемлекет басшысы Л.Кучмамен бүгін таңертең келіссөзге отыруға келіскендері мәлім болған соң, бүгін таңертең алаңға қайта жиналуға шақырды. Бірнеше ондаған мың адам Спецназ жауынгелері күзетіп тұрған президент әкімшілігі іргесінде түні бойы кезекшілік етуге қалды. Сайлаудың премьер-министр В.Януковичті жеңімпаз деп жариялаған бастапқы ресми нәтижесін оппозиция бұрмаланған деп санайды. Ақырғы нәтиже әлі жарияланған жоқ. Кеше В.Ющенко: “Орталық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын бұрмалады. Халықтың нағыз қалауы бүгін парламентте жарияланды да мен Библия алдында ант бердім”, -деп мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG