Accessibility links

Орталық Азияда бірлескен ірі әскери топ құру жоспарланып отыр

  • Досан БАЙМОЛДА

Қарашаның 25 і күні Мәскеуде өтетін Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымына мүше елдердің қорғаныс министрлерінің кезекті отырысы алдында Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім ұйымының (ҰҚКҰ) бас хатшысы Николай Бардюжа «Орталық Азияда бірлескен ірі әскери топ құру» туралы тұжырымдаманың әзірленіп жатқандығын мәлімдеді.

Оның айтуынша ҰҚКҰ ға мүше елдер –Ресейдің, Қазақстанның, Қырғызстан мен Тәжікстанның тәуелсіздігіне төнуі мүмкін әскери қауіп қатердің алдын алу мақсатында құрылғалы отырған бұл ірі әскери топқа осы мүше елдердің әскери күштері енеді, бұл әскери топ шамасы 10 мың әскерилерден құрылмақшы.

Бүгінгі күні Орталық Азия елдері арасында Өзбекстанда АҚШ тың жаяу әскерінің базасы бар болса ал Қырғызстанда Ресейдің де, АҚШ тың да әуе базалары орналасқан. Орта Азияда құрылғалы отырған осы бірлескен ірі әскери топ жөнінде кеңірек хабар алу мақсатында Қазақстанның қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің өкілі, полковник Алтынбай Дәуренбековпен хабарласқанымызда ол бізге осы мәселе бойынша жауап беруден үзілді кесілді бас тартты. Ал Қазақстандағы Ауған соғысының ардагерлері қоғамының төрағасы Сергей Пашевичтің айтуынша Орта Азияға ірі әскер топ құру туралы Н.Бардюжаның айтқаны түсініксіз болып отыр. Себебі дәл бүгінгі күні Орта Азияға қандай қауіп қатер төніп тұрғаны белгісіз. Осыны анықтап алмайынша әскер тор құра беру қалай болмақ. Қазақстанға келер болсақ ол өзінің барлық көршіліерімен тату тәтті, жақсы қарым қатынаста дейді ол.

Саясаткер Болатқан Тайжан бұл әскери топ құру идеасы сірә Ресейден келген болуы керек, Ресей алдымен Қазақстанды көндіріп алады сонсоң Қырғызстан мен Тәжікстан екеуі қайда барады дейсің. Бұл бара бара Ресей империясын қайта орнатуға апармақ мақсаттағы идеа, әйтпесе дәл бүгінгі күні Орта Азияға төніп тұрған ешқандай қауіп қатерді көріп тұрған жоқпын дейді ол.

Ал саясаткер Әзімбай Ғали болса Қазақстан үшін Ресеймен жақындаса беру түбі жақсылық әкелмейді, оның орнына АҚШ пен НАТО мен және Еуро Одақпен жақындасқан жөн деген пікір айтады. Ал саясаткер Балташ Тұрсынбаев болса бұл айтылғандардың бәрі сөз жүзінде, қол қойылған қағаз жұзінде қалады, іске асырайық деп оған ешкім назар аудармайды деген пікір білдіреді. Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіріп отыр.
XS
SM
MD
LG