Accessibility links

Қазақтың жазушылары, композиторлары және ақындары тұрған Алматыдағы үй бұзылуы мүмкін


Қазақстан зиялы қауымының кейбір өкілдері Алматы қаласының әкімі Виктор Храпуновқа қарсы шығып отыр. Зиялы қауым өкілдерінің айтуынша, қала әкімі арнайы шыққан қаулымен қазақ халқының ұлы тұлғалары тұрған үйді бұзғысы келіп отыр. Бұл үйлер Алматы орталығында орналасқан, онда Беймбет Майлин, Ахмед Жұбанов, Ильяс Жансүгіров сияқты тұлғалар өмір сүріп, талай шығармаларын дүниеге әкелген. Тарихи ескерткіш болып саналатын үйлерді жоюға болмайды дейді,-зиялы қауым өкілдері

Қазақстан зиялы қаумының кейбір өкілдері Алматы әкімі Виктор Храпунов олардың өтінішін орындамаса, онда олар республика президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ашық хат жолдап, аштық жариялауды көздеп отыр. Негізінен, зиялы қауым өкілдері қорғап жүрген үйлер Алматының Панфилов, Абылайхан, Шевченко және Құрманғазы көшелерінде орналасқан. Онда 40 астам, танымал мемлекет, ғылым және мәдениет қайраткері тұрған. Бұл жердегі 11 үйде 108 пәтер бар. Осы үйлердегі жекеменшік пәтерлер кооперативінің жетекшісі Роза Еселбаеваның айтуынша, бұл мәселенің көтерілгеніне 2 жыл болған. Роза Еселбаева, «Ақ бата» жекеменшік пәтерлер иелерінің кооператив жетекшісі: -Барлық жерге жаздым, президент Нұрсұлтан Назарбаевқа, сол кезде премьер-министр болған Иманғали Тасмағанбетовқа, және Алматы әкімшілігіне хат жаздым. Олар мені қолдады, сосын барлық құжат Алматы әкімшілігіне жіберілді. Соңынан арнайы комиссия құрылған болатын.

Арнайы құрылған комиссия 1930-шы жылдары салынған ғимараттардың сейсмикалық беріктігін тексеруі керек болған, алайда бұл жұмыстар жүргізілмеген. Ал үстіміздегі жылдың қазанның 5 күні Алматы әкімі Виктор Храпуновтың жоғарыда аталған үйлерді бұзу керек деген, қаулысы шыққан. Қазақстанның тіл білімі институтының жетекшісі Көбей Хұсаиновтың айтуынша, бұл үйлерді бұзуға болмайды: Көбей Хұсаинов, Қазақстанның тіл білімі институтының жетекшісі: -Себебі әр халықтың өз мәдениеті, тарихы бар. Біз тарихи ғимараттарды сақтамай, бұзып тастасақ, біз көне тарихымыздан бейхабар болып қаламыз. Бұл мемлекетті қазір өмір сүріп жатқан азаматтар орнатқан жоқ, мемлекетті ұлы бабаларымыз орнатты, олар соған бар күшін салып еңбектенді, біз оны ұмытпауымыз керек, естен шығармауымыз қажет. Зиялы қауым өкілдерінің мұндай мәлімдемесінен кейін, біз Алматы әкімшілігіне хабарласқан едік, алайда Алматы әкімшілігінің қызметкерлері бір- біріне сілтеп, «Азаттық» радиосының тілшілеріне жауап бермеді. Тарихи ескерткіш болып саналатын ғимараттарды, бұл үйлерде тұратын азаматтарды қорғағысы келіп жүрген заңгер Саянтай Мейірбеков қолынан келгеннің барлығын іске асырғысы келіп отыр. Саянтай Мейірбеков, заңгер: -Біз қолымыздан келгеннің барлығын жасап жатырмыз, қазіргі кезде Алматы қаласының прокурорына хат жазып, мәселе көтеріп жатырмыз. Түрлі саяси партия өкілдеріне өтініш білдіріп, олардың көмегін сұрадық. Дәлірек айтқанда, біз «Асар», «Отан» және «Патриоттар» партиясына шағымдандық. Ғани Қасымов бұл мәселенің шешілуіне ат салысатынын айтты.

Бұл жоспарлары іске аспаса, Бейімбет Майлин, Ильяс Жансүгуров, Күляш Бәйсеитова тұрған үйлердің тұрғындары аштық жариялаймыз, деп отыр.
XS
SM
MD
LG