Accessibility links

Франция президенті Жак Ширак бүгін Ливия сапарын бастамақ


Ливия 1951 жылы Италиядан тәуелсіздік алғалы бері Франция президенті мұнда алғаш рет атбасын бұрып тұр. Ливия басшысы Муаммар Кадафи ядролық, химиялық және биологиялық қарулардан былтыр бас тартқалы бері елге бірнеше батыс елдің басшылары келіп кетті. Наурыз айында Британия бас министрі Тони Блейер келіп кетті, соңынан Италия бас министрі Сивльвио Берлускони және Германия канцлері Герхерд Шредер сапар шеккен. Ливия басшысы Муаммар Кадафи сейсенбі күні франциялық "Фигаро" газетіне берген сұхбатында жойқын қарудан бас тарттық, алайда еліміз өте аз өтемақы алды деді. Солтүстік Корея және Иран сияқты басқа елдер біздікіндей ұмтылыс танытпай отыр, - деп көрсетті Муаммар Кадафи.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG