Accessibility links

Тоғыз жыл жазылған “Абылайхан” операсы сахналанды


Абай атындағы опера және балет театры сахнасында соңғы уақыттары жаңа қойылымдар көрінбей кеткен болатын. Дегенмен биылғы жылы шығармашылық ұжым өздерінің ресейлік әріптестерімен бірігіп, мүлдем тың туынды - “Абылайхан” операсын көрермендер назарына ұсынып отыр.

Абай атындағы опера және балет театры сахнасында қойылып отырған “Абылайхан” операсы ұлттық тақырып болғанымен Қазақстан мен Ресейдің үздік мамандарынан құрылған шығармашылық топтың біріккен еңбегінің нәтижесінде дүниеге келген екен. Екі бөлімді операның музыкасын жазған композитор Еркеғали Рахмадиев болса, қойылымның режиссері ресейлік Юрий Александров және суретшісі Санкт-Петербургтік Вячеслав Окуновтер. Бір жағынан бұл туынды Ресейдің Қазақстандағы жылы аясында екі жақты шығармашылық топтың бірігуінің арқасында қойылып отыр екен. Бізге осы туындының ерекшелігін атап берген театр артисі Ғафис Есімов алдымен операдағы өзі ойнайтын Қалдан Сереннің ариясынан қысқаша үзінді орындап берді.

Ал “Абылайхан” операсын тоғыз жыл жазған туындының авторы, композитор Еркеғали Рахмадиев қойылымның өз көңілінен шыққанын жеткізді.

Сондай-ақ Абай атындағы опера және балет театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі Алфия Усманқызы қойылымның театрдың соңғы кездегі тың туындысы екенін білдірді.

Дегенмен қойылымның режиссурасы неліктен ресейліктердікі екендігі турасындағы сауалға Ғафис Есімов мүлдем тың көзқарас қажеттіктен оларды тәжірибе алмасуға шақырдық дейді.

Сөйтіп, музыкасы тоғыз жыл жазылып, бас аяғы бір-ақ айда қойылған опера көрерменіне жол тартты.
XS
SM
MD
LG