Accessibility links

Стамбұлда Каспий мен Қара теңіз аймағы елдерінің экология мнистрлерінің саммиті басталды

  • Досан БАЙМОЛДА

Қарашаның 25 і күні Стамбұлда Каспий мен Қара теңіз аймағы елдерінің экологиялық мәселелеріне арналған саммит басталды. Бас қосуға келген Түркия, Қазақстан,Ресей, Иран,Әзірбайжан, Румыния, Грузия,Украина,Болғария елдерінің қоршаған ортаны қорғау министрліктерінің басшылары екі күн бойы Стамбұлда «Саspian &Black Sea Ecology 2004» тақырыбы бойынша аймақтық экология мәселелерін талқылайды.

Саммит жұмысына сондай ақ халықаралық және аймақтық мұнай-газ тасымалдау және танкерлік компаниялардың, бірқатар үкіметтік емес экологиялық ұйымдардың өкілдері қатысуда. Олар қоршаған ортаны қорғау, мұнай-газ барлаудың және игерудің экологиялық тәсілдері мен технологияларын, энергияны Каспий-Қара теңіз аймағында тасымалдау жөнінде ынтымақтастықты дамыту жолдарын талқылайды. Әсіресе мұнай дақтарын болдырмау, апатты жағдайларда шұғыл әрекет ету және апат салдарын жою, газды өртеу көлемін азайту, Каспийде өндірілетін ілеспе газды пайдаға асыру технологиясын енгізу мәселесіне баса назар аударылмақ.

Осындай маңызды мәселерді сөйлесетін жоғарғы дәрежелі кездесуге Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау министрі Айткүл Самақова ханым өзі бармай орнына осы министрліктің аппарат жетекшісі Петр Колесовты жіберген. А.Самақованың көмекшісі әрі баспасөз хатшысы Ұлан Қасымбековтың айтуынша қәзір министрдің үкіметте жұмысы өте көп, қолы бос емес екен, сондықтан да Стамбұл саммитіне өзі бара алмаған.

Қазақстан парламенті мәжілісінің экология және табиғат комитетінің мүшесі Райымбек Аяшовтың айтуынша Каспий аймағы экологиясын жақсарту үшін осы аймақта мұнай өндіріп жатқан шетел компанияларын эколгияны сақтауға көп қаржы аударуға көндіру керек. Ең дұрысы тезірек Экология кодексін қабылдаған жөн болмақ. Бәр нәрсе тек заң бойынша жүрілуі керек дейді ол. Ал Қазақстанның «Табиғатты қорғау қозғалысының» төрағасы Мелс Елеусізов болса Каспий теңізінің бүгінгі экологиялық қал жағдайына қатты алаңдаулы, негізі Каспийден мұнай өндіруді тоқтату керек дейді ол.
XS
SM
MD
LG