Accessibility links

Алматыда басылған Тәжікстанның шетелдік төлқұжаттары жарамсыз болып шыққан

  • Дәнеш ҰЗАҚ

Тәжікстан сыртқы істер министрлігінің консулдық бөлімінің басшысы Тахир Ахметов Алматыда басылған шетелдік төлқұжаттардағы техникалық қателіктердің салдарынан бір ғана Душанбенің әуежайынан 100-ге тарта азамат шетелдік сапарларынан қалып қойғанын айтты.

Аталған мәселеге қатысты Алматы қаласындағы Қазақстан Ұлттық банкісінің банкнот фабрикасының директоры Дильбар Түркпенбаеваға хабарласқанымызда, хатшы қыз ол кісінің де, оның орынбасары Алмат Төлегеновтің де қолы босай қоймайтындығын айтты.

-

Ол кісілер Ұлттық Банк төрағасымен бірге мәжілісте. Одан кейін Түркімен банкісінің мүшелерімен кездеседі.

Аталмыш фабрика қазақстан Ұлттық Банкінің құзырына кіретіндіктен біз Ұлттық Банктің баспасөз қызметмен де байланыстық. Ұлттық Банк баспасөз қызметінің Валентина есімді қызметкері Тәжікстан сыртқы істер министрлігінің ресми мәлімдемесі жазылған арнайы құжат бекітілген хатқа ғана жауап береміз деді.

-

Ол хатқа Тәжікстан сыртқы істер министрлігінің консулдық бөлімі басшысының ресми мәлімдемесі бекітіліп жіберлігне жағдайда біз жауап береміз.

Тәжікстаннан Қазақстанға, оның ішінде Алматы қаласына келіп жұмыс істеп жатқан тәжік азаматтарының басым көпшілігі, мұнда саудамен айналысады. Сауда қамымен оларға Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан арасында көп қатынайды. Сафар есімді тәжік азаматы халық арасында “барахолка” аталып кеткен Алматыдағы киім-кешек базарында жұмыс істейді. Сафар шу шығарған жаңа төлқұжаттың әлегіне өз басының куә болғанын айтады.

-

Сәрсенбі күні өзіммен бірге Қорғантөбе - Алматы рейсімен ұшып келген екі тәжік азаматының жаңа шетелдік төлқұжаттарын Алматы әуежайында жарамсыз деп тауып, олар кері қайтуға мәжбүр болды.

Тағы бір тәжік азаматы Мұхаммед Шо жаңа шетелдік төлқұжат туралы былай дейді.

-

Менің Душанбедегі достарым жаңа шетелдік төлқұжаттарды алмауға кеңес берді. Олардың айтуынша, ондай төлқұжатпен шетелге өтіп кеткен күннің өзінде, жергілікті құқық қорғау орындары оны жарамсыз деп тауып қамап қоюлары мүмкін екен.

Аталған оқиғаға қатысты Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігінің төлқұжат –визалық бөлімі хабарсыз екендерін айтуда. Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің қызметкері Мұхтар Кәрібайдан бұл мәліметтерді анықтайтмыз деген жауап алдық

-

Мұндай оқиға туралы бізде әзірге еш мәлімет жоқ. Егер қажет болса, кейінірек осы іспен тікелей айналысатын төлқұжат-виза бөлімімен хабарласып анықтаймыз .

“Жақын арада Душанбеге аталған шетелдік төлқұжат оқиғасына байланысты мән-жайды анықтау үшін Алматыдағы банкнот фабрикасынан қызметкерлердің келуін күтіп отырмыз” - дейді Тәжікстан сыртқы істер министрлігінің консулдық қызметінің басшысы Тахир Ахметов.
XS
SM
MD
LG