Accessibility links

Джек Стро Ясир Арафаттың зиратында болды


Британия сыртқы істер министрі Джек Стро бүгін Палестина басшыларымен кездесіп, 9 қаңтарға белгіленген сайлауға қолдау танытамын деп айтты. Сайлауда қараша айының басында қайтыс болған Палестина әкімшілігінің президенті Ясир Арафаттың орнына жаңа адам сайлануға тиіс. Бас министр Ахмед Кюрей сайлау еркіндігі үшін қауіпсіздік өте маңызды екеніне берік, соған көзім жетті, - деді Джек Стро. Палестина бас министрімен кездескен соң Джек Стро Мұқатаа мекеніне барып, Ясир Арафаттың зиратында болды. Бұдан соң "Палестинаны азат ету" ұйымының төрағасы Махмұд Аббаспен кездесті. Британия сыртқы істер министрі Джек Стро сәрсенбі күні Израил сыртқы істер министрі Сильван Шаломмен кездесті. Шалом Палестина сайлау науқанына көмектесеміз деп айтты. Таяу Шығыста текетірес жалғасып жатыр деген мәлімет келіп түсті. Израил сарбаздары Газа секторының оңтүстүгінде және Батыс Жағалауда үш палестиндік жауынгерді өлтірді.
XS
SM
MD
LG