Accessibility links

Бағдадта 80 күдікті азамат қамалды


Британия сарбаздары бүгін Бағдад оңтүстігінде көтерілісшілер бақылап отырған ауданда көтерілісшілердің бірнеше үйін тінтіді. Операция барысында 80 ирақтық азамат қамауға алынды, бомба жасауға пайдаланды деп күдіктелген құрал-жабдық тәркіленді. Операцияға АҚШ, Британия әскерлерінен және Ирақ полициясынан бес мың адам қатысты. АҚШ әскері мұндай шара жақын күндері тағы іске асады дейді. АҚШ елшілігі бүгін хабарлағандай, Бағдадта елшілік қызметкері, американдық азамат шабуыл барысында қаза тапты. Басра қаласында полиция түнде бес шетелдік араб жауынгерін қамауға алды. Олар Басра қаласында бірлестік сарбаздарына және Ирақ полициясына шабуыл жасамақ болды деп айыпталды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG