Accessibility links

Иран ядролық мәселесі біржолата қаралмақ


Халықаралық атом энергетика агенттігі бүгін Иран ядролық мәселесін біржолата қарап, екі жыл бойы жүргізген зерттеуінің қортындысын шығармақ. Агенттік басшысы Мұхаммед Эль-Барадей жиын алдында сипаттама беріп, Иран уәдесінде тұрды, бір жайтты есептемегенде уран байыту қызметін тоқтатты деп жариялады. "Иран уран байыту құралдарын басқа зерттеу жұмыстарына пайдалана беруге рұқсат сұрайды, ядролық заттарды пайдаланбаймыз дейді. Бұл жайында келіссөз жүргізіп жатырмыз", - деді Мұхаммед Эль-Барадей. Халықаралық атом энергетика агенттігі Иран атом қаруын өндіруді жоспарлап отыр деген айыпқа дәлел тапқан жоқ, бірақ Иранда жасырын ядролық кәсіпорындар болуы мүмкін деп алаңдайды. Иран президенті Мұхамед Хатами бүгін Тегеранда сөйлеген сөзінде Халықаралық атом энергетика агенттігі қаулысының жобасын сынады.
XS
SM
MD
LG