Accessibility links

Украинада бүкілхалықтық ереуіл жүріп жатыр


Украина оппозициялық партиясы жоғары сотқа қайырылып, президент сайлауының қортындыларын қайта қарауға сұрады. Оппозиция басшысы Виктор Ющенконы қолдайтын ондаған мың халықтың ел астанасы Киевте ереуілдеткеніне бүгін төртінші күн. Киев қаласында қоғамдық тәртіп сақталып отыр. Оппозиция кеше бүкілхалықтық ереуіл жариялады. Львов қаласында мұғалімдер жұмысқа шықпаса, мыңдаған студент наразылық танытып сабаққа келмей қалды. Украина мәселесі бүгін Голландияда өтіп жатқан Ресей мен Еуропа Одағының саммитінде Ресей президенті Владимир Путин мен одақ басшыларының арасында талқыланбақ. Владимир Путин Виктор Януковичты президентсің деп бір емес, екі рет құттықтаған болатын. Еуропа Одағы, АҚШ және Германия Украинадағы сайлау барысын тексеруге шақырды. Польшаның бұрынғы президенті Лех Валенса Киевке келіп, араағайындығын ұсынды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG