Accessibility links

Украинаның танымал әншісі аштық жариялады


Украинаның Руслана Лежычко деген танымал әншісі бүгін аштық жариялады. Руслана Лежычко биыл "Еуровижен" ән байқауының бас жүлдегері атанған. Руслана Лежычко Киев қаласында ондаған мың халықтың алдында сөйлеп, оппозиция басшысы Виктор Ющенконың президенттік сайлауындағы жеңісі мойындалғанша аштық ереуілінде боламын деді. Украина орталық сайлау комиссиясы кеше президенттікке бас министр Виктор Янукович сайланды деп жариялады. Янукович қатаң ресейшіл бағыттағы саясаткер.
XS
SM
MD
LG