Accessibility links

Я.П.Балкененде: "Украинадағы сайлау халықаралық стандарттарға жауап бермейді, сондықтан да ЕуроОдақ сайлау қорытындысын заңды деп қабылдай алмайды


Кеше Голландияның Гаага қаласында Еуропа Одағы мен Ресей лидерлері Украинадағы саяси дағдарыс бойынша ортақ пікірге келе алмады. Ресей президенті В.Путинннің пікірінше, президент сайлауынан туған дағдарыс, сыртқы күштерді араластырмай, Украинаның Жоғарғы сотында шешілуі керек. ЕуроОдаққа төрағалық етуші Нидерландының премьер-министрі Ян Петер Балкененде: "Украинадағы сайлау халықаралық стандарттарға жауап бермейді, сондықтан да ЕуроОдақ сайлау қорытындысын заңды деп қабылдай алмайды. ЕуроОдақ ондай қорытындыға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Ұйым бақылаушыларының мәліметтері негізінде келді”, -деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG