Accessibility links

Ирақта қақтығыстар жалғасып жатыр


АҚШ әскері Фаллуджа қаласында үйлерді тінту операцияны жартылай аяқтадық деп мәлімдеді. Кеше американдық сарбаздар бір үйге кіргенде көтерілісшілер оларға граната лақтырып, екеуін өлтірді. Фаллуджада негізгі шабуыл барысында көтерілісшілер талқандалған болатын, енді жеке үйлерде тығылып қалған көтерілісшілер іздестіріліп жатыр. АҚШ әскерінің өкілі, генерал-лейтенант Джонн Саттлер қаңтар айындағы сайлауға таман Фаллуджа қаласында тыныштық орнатамыз деді. Осы аптада сол сияқты көтерілісшілер басшысы Абұ Мұсаб Әл-Зарқауидің орынбасары қолға түсті. Бұл Абұ Саед деген азамат деп ресми айтылды бүгін. Мосыл қаласында американдық сарбаздар тағы 15 мүрде тапты. Көтерілісшілер Ирақ қауіпсіздік мекемелері сарбаздарын өлтіріп ел-жұртқа үрей шашпақ, деп сипаттады АҚШ әскерінің өкілі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG