Accessibility links

Халықаралық атом энергетика агенттігі Оңтүстік Кореяның мәселесін қарап жатыр


Вена қаласында бүгін Халықаралық атом энергетика агенттігі алқасының мәжілісі өтіп жатыр. Онда Оңтүстік Кореяның күдікті ядролық қызметін баяндай алмағаны талқыланады, Иранның уран байыту қызметін тоқтатқаны қаралады. Оңтүстік Корея плутоний және уран заттарымен жасалған сынақтары жайында мәлімет бермеді, Халықаралық атом энергетика агенттігі осы жайтты сынайтын қаулы шығармақ. Оңтүстік Корея мәселесі Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесіне тапсырылмайтын көрінеді. Алқа мәжілісіне қатысқан Оңтүстік Корея сыртқы істер министрінің орынбасары Чой қателескеніміз рас, ғалымдарымыз үкіметті дер кезінде ескертпеген, мәселе осында деп айтты. Иран өкілі Хұсейн Моусавян Еуропа Одағына берген сөзімізде тұрамыз, уран байыту қызметін қайта бастамаймыз деді. Иран уран байытуға арналған 20 центрифуга машиналарын басқа зерттеулерге пайдалана бермек, осыған Халықаралық атом энергетика агенттігінен рұқсат сұрап отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG