Accessibility links

Назарбаев, Кәрімов және Ақаев Януковичты құттықтап үлгерді


Бір қатар ақпарат агенттігі Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан президенттері Ресей президенті Владимир Путинге қосылып, Виктор Януковичты Украина президенттігімен құттықтады. Дегенмен, Франс-пресс агенттінің басқа хабарында Назарбаевтың баспасөз қызметінің өкілі Назарбаев Януковичты құттықтаған емес дейді. ИТАР-Тасс агенттігі басқаша мәлімет айтады. Өзбекстан және Қырғызстан ресми өкілдері Ислам Кәрімов пен Асқар Ақаев Януковичке құттықтау хаттарын жолдағандарын растады. Януковичты жалпы санаулы ел басшылары ғана құттықтады. Оппозиция және халықаралық бақылаушылар Украин сайлауы әділ өткен жоқ дейді.
XS
SM
MD
LG