Accessibility links

Әлем басшылары Украинада ара-ағайындық атқарып жатыр


Қызметінен кетіп бара жатқан Украина президенті Леонид Кучма бүгін шетел ара-ағайын тұлғалармен кездесіп, даулы президент сайлауынан кейінгі жағдайды талқылап жатыр. Бұдан кейін олар Виктор Ющенко бастаған оппозиция басшыларымен кездеспек. Кучма Польша президенті Александр Квасневский және Еуропа Одағы сыртқы саясат үйлестірушісі Хавиер Соланамен кездесті. Кучма сол сияқты Литва президенті Валдас Адамкус және ЕҚЫҰ бас хатшысы Ян Кубишпен кездеседі деп хабарлады Кучма кеңсесі. Келіссөздерге оппозиция басшысы Виктор Ющенко қатысады делінді. Юшенконың өкілі оның келетінін не келмейтінін әлі растаған жоқ. Ертең Украина парламентінің төтенше мәжілісі болмақ. Жоғары сот кеше бас министр Виктор Януковичты президент қызметіне отырғызу рәсіміне тиым салды, барлық жағдай анықталсын деп алдын-ала үкімінде. Ел астанасы Киевте ондаған мың халықтың ереуілі жалғасып жатыр. Жұрт бүгін бас министр Януковичтың кеңсесін қоршап, оны кеңсесіне кіргізбей қойды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG