Accessibility links

Иран уран байытуға арналған 20 центрифуга машиналарын басқа зерттеулерге пайдалана бермек


Еуропа Одағымен жасалған келісімге қарамастан осыған Халықаралық атом энергетика агенттігінен рұқсат сұрап отыр. Иран сыртқы істер министрі Камал Харрази мұнда ешқандай бұрмалау жоқ, Халықаралық атом энергетика агенттігінің ережелерін бұзбайды деді бүгін Тегеранда. Иран өкілдері Еуропа Одағына берген сөзімізде тұрамыз, уран байыту қызметін қайта бастамаймыз деп айтқан. Байытылған уран атом энергетикасында да, ядролық қаруда да пайдаланылады. Халықаралық атом энергетика агенттігі Иранның уран байыту қызметін тоқтатқанын осы аптада қарады, талқылау дүйсенбі күні жалғаспақ.
XS
SM
MD
LG