Accessibility links

Украина парламенті төтенше мәжіліс өткізіп жатыр


Күн тәртібінде - 21 қарашада өткен президент сайлауының екінші кезеңінің соңындағы саяси дағдарыс. Орталық сайлау комиссиясы сайлауды ресейшіл бағыттағы бас министр В. Янукович жеңді деген. Батысшыл саясаткер, оппозиция басшысы В. Ющенконы қолдаған халық бұған наразылық танытып жатыр. Ондаған мың адам ел астанасы Киевте парламент үйінің алдында жиналып тұр, ереуілдің үзіліссіз жалғасып жатқанына бүгін алтыншы күн. Парламент төрағасы Орталық сайлау комиссиясы атқарған шаруаларды тексеруіміз керек, дағдарыстан шығар жол қарастыруымыз керек деді. Оппозиция басшысы В. Ющенко кеше қарсыласы Януковичпен және халықаралық ара-ағайыншылармен кездесіп, 12-шы желтоқсанға жаңа сайлау белгіленсін деп талап қойды. Қарсылас тараптар қақтығысқа жол бермеуге келісті, келісім тобын құрды.
XS
SM
MD
LG