Accessibility links

И.Оно: “Ирақта жаңа конституция қабылданып, жаппай сайлау өтуге тиісті 2005 жылдың соңына дейін Жапония Ирақтағы күштерін ұлғайтуы мүмкін


Ирақ премьер-министрінің орынбасары Барһам Салихтың бүгін атап көрсеткендей, қаңтар айында сайлау өткізу өте жауапты іс, бірақ сайлау белгіленген мерзімінде өтуге тиісті. Одан 1 күн бұрын Ирақтың уақытша үкіметі мен шийт мұсылмандарының көсемдері және АҚШ елдегі қауіпсіздік ахуалы салдарынан сайлауды 6 айға кейінге қалдыру туралы сүнни мұсылмандары лидерлерінің талабын қайтарып тастады. Кеше уақытша премьер-министр Айад Аллауидің өкілі уақытша үкіметтің соғыс қимылдарынан жапа шеккен сүнни мұсылмандары мекендейтін өлкелерінде де сайлауды 30 қаңтарда өткізуді жоспарлап отырғанын атап көрсетті. Ирақта жаңа конституция қабылданып, жаппай сайлау өтуге тиісті 2005 жылдың соңына дейін Жапония Ирақтағы күштерін ұлғайтуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG