Accessibility links

Президент Л.Кучма: “Украина уәжге келуге тиіс; келіссөз өте ауыр өтіп жатыр және тараптардың уәжге келе алуы екіталай


Украина президентін сайлаудағы бақталастардың өкілдері елдегі саяси дағдарысты ауыздықтау үшін бүгін өзара келіссөзін қайта жалғастырды. Одан 1 тәулік бұрын Украина парламенті - Жоғарғы Рада – оппозицияның талабы бойынша президент сайлауының нәтижесін жарамсыз деп шешті. Бірақ парламент шешімінің заңдық күші жоқ. Қазіргі президент Леонид Кучма, оның өз сөзімен айтқанда, елде күтпеген жағдайларға жол бермеу үшін, Украина уәжге келуге тиіс деп атап көрсетті. Оның пікірінше, келіссөз өте ауыр өтіп жатыр және тараптардың уәжге келе алуы екіталай. В.Ющенконың өкілдері сайлаудың нәтижесі В.Януковичтің пайдасына қарай бұрмаланды деп мәлімдеп, жаңа сайлау өткізу шартын алға тартты. Украинаның Жоғарғы соты ертең В.Ющенконың шағымы бойынша сайлау барысында болған заңсыздықтарды қарауға кіріседі. Ал В.Янукович өзінің өзге аймақтардағы жақтастарымен және аймақ басшыларымен кездесу үшін Киевтен ұшып шықты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG