Accessibility links

В.Ющенко: “Автономиялық территорияларға бөлінумен” сес көрсеткен шығыс облыстардың әкімдері украин конституциясын бұзды және олар Украинаға қатер төндіреді”


Украинадағы президент сайлауына түскен ресми биліктің үміткері премьер-министр В.Януковичті қолдаған шығыс облыстардың әкімдері “автономиялық территорияларға бөлінеміз” деп қоқан-олқылық көрсетті... Оппозицияның үміткері В.Ющенко ол мәлімдемені украин конституциясын бұзу және Украинаға төнген қатер деп бағалап, оларға қарсы қылмыстық іс қозғауды талап етті. Ал В.Янукович өз кезегінде “автономия жариялаумен” қоқан-лоқылық жасаған шығыс облыстарға ұшып шығып, Северодонецк қаласында өз қолдаушыларын ұстамдылыққа шақырды. Онымен қарама-қатар президент сайлауындағы екі бақталастың өкілдері елдегі саяси дағдарысты ауыздықтау мақсатында өзара келіссөзін бүгін қайта жалғастырды.
XS
SM
MD
LG