Accessibility links

Украинаның ұлттық қауіпсіздік кеңесі бүгін елдің шығыс облыстарын “автономияға ұмтылған” кез-келген қадамнан бас тартуға шақырды


Президент Леонид Кучма басқаратын Украинаның ұлттық қауіпсіздік кеңесі бүгін елдің шығыс облыстарын “автономияға ұмтылған” кез-келген қадамнан бас тартуға шақырды. Оның себебі, Украинадағы президент сайлауына түскен ресми биліктің үміткері премьер-министр В.Януковичті қолдаған шығыс облыстардың әкімдері “автономиялық территорияларға бөлінеміз” деп қоқан-олқылық көрсетті... Оппозицияның үміткері В.Ющенко ол мәлімдемені украин конституциясын бұзу және Украинаға төнген қатер деп бағалап, оларға қарсы қылмыстық іс қозғауды талап етті. Онымен қарама-қатар президент сайлауындағы екі бақталастың өкілдері елдегі саяси дағдарысты ауыздықтау мақсатында өзара келіссөзін бүгін қайта жалғастырды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG