Accessibility links

“РЕЙТЕР”: Алматыда президент Н.Назарбаев бастаған “Отан” партиясы орналасқан ғимаратта бүгін кешкісін қуатты 2 жарылыс болды


Қазақстанның оңтүстік астанасы - Алматы қаласында президент Н.Назарбаев бастаған “Отан” партиясының қалалық филиалы орналасқан ғимаратта бүгін кешкісін қуатты 2 жарылыс болды. “Рейтер” агенттігі мен төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің аты-жөнін атамаған өкілі хабарлағандай, араға 5 минут салып бірінен соң бірі болған 2 жарылыстың бірі ғимараттың ішінде, екіншісі сыртынан шыққан көрінеді. Әзірше одан басқа мәлімет жоқ. Баспасөз агенттіктерінің хабарлауынша, жарылыс шыққан ғимаратты полиция мен өрт сөндеруші және медициналық жедел жәрдем көліктері қоршап алды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG