Accessibility links

Румыниядағы президент сайлауының 12 желтоқсанда өтетін екінші сатысына премьер-министр Адриян Настасе мен Бухарест әкімі Траян Басеску шықты


Румынияда кеше болып өткен парламент сайлауының бастапқы нәтижесі бойынша билік басындағы социал-демократиялық, бұрынғы компартия оңшыл-центристік саяси бірлестіктен сәл басым дауыс алды. Румынияның Орталық сайлау Бюросы бүгін есепке алынған 36 пайыз дауыстың 34 пайызға жуығын социал-демократтардың, 33 пайызға жуық дауысты “Құқық және ақиқат” саяси одағының алғанын хабарлады. Сондай-ақ, президент сайлауының бастапқы нәтижесі бойынша социал-демократтардың үміткері премьер-министр Адриян Настасе 41 пайыздай дауысқа, ал “Құқық және ақиқат” одағынан түскен үміткер – Бухарест әкімі Траян Басеску 35 пайыз жинап, сайлаудың 12 желтоқсанға тағайындалған екінші тураны шықты. Жеңімпаз қазіргі президен Ион Илиескудің орнына отырады.
XS
SM
MD
LG