Accessibility links

Ирақтың Рамади қаласында кем дегенде 12 адам қаза болып, 10 кісі жараланды


Бүгін Ирақтың Рамади қаласында полиция кеңсесінің сыртында жанпидашыл лаңкес бомба орнатылған автокөлігін жарып, одан кем дегенде 12 адам қаза болып, 10 кісі жараланды. Жергілікті аурухана дәрігерлерінің хабарлауынша, қаза болғандардың көбі жалақы алуға келген полиция қызметкерлері болған. Бағдадтың оңтүсігіне қараған Ефрат өзені аумағында АҚШ армиясы көп көтерілісшінің көзін жойып, басқаларын қолға түсірді. Ирақтың оңтүстіктегі порттарынан мұнай экспорты жуырдағы қастандықтан кейін бүгін бұрынғы қалпына келді.
XS
SM
MD
LG