Accessibility links

«Отан» париясының орталық кеңсесі алдындағы жарылыстарды тексеру барысын президент Н.Назарбаев тікелей өз бақылауына алған

  • Досан БАЙМОЛДА

Қарашаның 29-ы күні таңертеңгісін Алматыда БАҚ өкілдерімен болған кездесуді ұйымдастырған Алматы қалалық ішкі істер бас басқармасының бастығы, генерал-майор Молдияр Оразалиев жексенбі күні кешкісін, сағат 18 ден 25 минут өткенде Алматыдағы Абылайхан көшесі бойында орналасқан «Отан» партиясының орталық аппараты орналасқан 3 қабатты ғимараттың орталық есігіне жақын болған шамасы 200 грамм тротилдік күші бар жарылғыш зат одан соң іле-шала ғимараттың оң жақ бүйірінде болған шамасы алғашқыдай күші бар екінші жарылыс салдарынан ғимараттың астыңғы қабатының терезелері қирап сынғандығын және ғимарат сыртына орналасқан телефон желісі бар қалқанның бүлініп істен шыққанын сондай ақ сол маңайдан кездейсоқ өтіп бара жатқан 20 жастағы студент жастың жеңіл жарақат алғандығын хабарлады.

Оның айтуынша осыған байланысты Алматы қалалық ІІББасқармасының шұғыл тергеу тобы құрылып іздестіру, тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алматы қалалық әкімшілік, аудан әкімшіліктері және де «Хабар» «Қазақстан-1» секілді телеарналар тағы басқадай маңызды нысандар қәзір күшейтілген күзетке алынған. Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың өзі болған оқиғаға байланысты барлық жүріліп жатқан тергеу, тексеру жұмыстарының барысын тікелей өзі бақылап отырмақшы. Тексеру жұмыстарын сол жерінде басқару үшін дүйсенбі күні Алматыға Қазақстанның ішкі істер министрі Зауытбек Тұрысбековтың өзі Астанадан келді.

Генерал Молдияр Оразалиевтің айтуынша болған екі жарылыста партияның кеңсесі орналасқан осы ғимаратқа айтарлықтай зардап әкелетіндей аса қуатты болмаған әрі жарылыстың уақыты оны ұйымдастырушылардың адам өміріне қастандық ойламағандары байқалады. Сондықтан полиция өзінің алғашқы болжамын яғни бұл жарылыстардың мақсаты террорлық мақсатта емес жай бұзақылық мақсатта болуы керек болжамын жасап отыр. Оған себеп «Отан» партиясы орналасқан ғимаратта коммерциялық бір екі фирманың болуы бәлкім өзара есеп айырыса алмаған солардың тірлігінен де болған болуы мүмкін көрінеді. Алайда, жексенбі күнгі жарылысқа байланысты «Отан» партиясының мәлімдемесі шықты.

Онда бұл орын алған жағдайды жай бұзақылық деп көре алмаймыз. Қалайда бұл «Отан» партиясына қарсы алдын ала ұйымдастырылған, арандатушылық іс деп есептейміз делінген аталмыш мәлімдемеде.
XS
SM
MD
LG