Accessibility links

Олександр Кузьмук: “Жағдаяттарға қарамастан, армия Украинадағы саяси тұрақтылықтың, тәуелсіздік пен елдің біртұтастығының кепілі болып қала береді"


Украинаның қорғаныс министрі Олександр Кузьмук бүгін елдегі саяси дағдарыстың жалғасуына өкініш білдіріп, “жағдаяттарға қарамастан, армия Украинадағы саяси тұрақтылықтың, тәуелсіздік пен елдің біртұтастығының кепілі болып қала береді”, -деп мәлімдеді. Украинаның ресми билікті қолдайтын кейбір шығыс облысында автономия алу мәселесі бойынша апта соңында референдум өткізу жоспарлап отыр. Елдің Жоғарғы соты осы сағаттарда оппозицияның шағымы бойынша 21 қарашадағы президент сайлауының ресми нәтижесінің заңдылығын қарау үстінде. Оппозицияның мыңдаған өкілі Жоғарғы соттың төңігерінде митингі өткізуде. Бүгін мерзімі аяқталып қалған преғзидент Леонид Кучма дағдарыс шешімін таппайтын болса, елдің қаржы жүйесі бірнеше күннің ішінде күйреуі мүмкін деп ескертті.
XS
SM
MD
LG