Accessibility links

Украинада қалыптасып отырған саяси дағдарысты шешу жолында жаңа сайлаулар өткізуге елбасы келісті


Леонид Кучма мырза жаңа сайлаулар өткізу жөніндегі идеяны жария түрде мақұлдады. 21-ші қарашадағы сайлаулар қорытындысында өкімет басшысы Виктор Януковичтің жеңімпаз ретінде жарияланғанына орай оппозициядағы саясаткер Виктор Ющенко наразылық жариялап, содан бергі аралықта Украинаның саяси дағдарысқа тап болғаны белгілі. “Сайлаулар барысында бұрмалаушылықтар кең орын алды” деген оппозиция тарапының шағымын қарауды Жоғарғы сот дүйсенбі күні бастап кетті. Сондай-ақ Януковичке сенімсіздік жариялау жөнінде Парламентке өтініш жасағанын Юшенко мырза мәлімдеп отыр.

AzattyqTV

Атыраудағы Наурыз

"Киіз үйге кіргізбеді"

XS
SM
MD
LG