Accessibility links

Пәкістанда президент Первез Мүшаррафтың ел әскерінің бас қолбасшысы болып қала беруіне мүмкіндік беретін заңға қол қойылды


Ақпарат министрі шейх Ахмед Рашид бұл күндері Латын Америкасы мен АҚШ-та, Европада ресми сапарда жүрген президент Первез Мүшараффтың міндетін атқарушы, сенат төрағасы Мұхаммадмиан Сумро сенат мақұлдаған заңға қол қойды деп айтқан. Первез Мүшарраф бұған дейін әскердің бас қолбасшылығын сақтап қалатындығы жөнінде ешнәрсе деген жоқ болатын. Бірақ осы жылдың басында елді де басқарып, әскерге де басшылық ету демократияға қарсы болады деп қызметтің бірін босатамын деп міндеттенген-ді. Бірақ ол елдің тұтастығы мен террормен күресті қамтамасыз ету үшін қызметтің екеуін де ұстап тұру қажет екендігін де айтқан. Первез Мүшарраф билік басына 1999 жылы әскери төңкерістен кейін келген болатын.
XS
SM
MD
LG