Accessibility links

Тегеранда Ирақ пен осы аймақтың қауіпсіздігі жағдайын талқылайтын екі күндік келіссөздер басталды


Ирақ пен Иранның, Кувейттің, Сауд Арабиясы мен Сирияның, Иорданияның, Түркияның, Египет пен БҰҰ-ң өкілдері бұл келіссөздерде Ирақта 30 қаңтарға межеленген сайлауға дайындық сондай-ақ терорға қарсы соғыс маселелерін талқылауда. Американың Ирақтағы көтерілісшілерге қолдау көрсетіп отыр деген айыптауларын Иран жоққа шығарады. Ирақ шенеуніктері Иранның полиция мен шекарашыларды оқытып, жаттықтыруға көмектсейік, жабдықпен, киіммен қамтамасыз етейік деген ұсынысына әзірге жауап берген жоқ. Бұл екі елдің арасында 1980-88 жылдарда екі жақтан да бір миллиондай адамды шығын еткен соғыс болған-ды
XS
SM
MD
LG