Accessibility links

Украинаның Жоғарғы соты мен Парламенті бір аптадан асқан саяси дағдарысты шешудің жолын қарастыру үшін жиналды


Жоғарғы сот премьер-министр Януковичті жеңіске жеткізу үшін сайлау қорытындылары бұрмаланды деген оппозицияның шағымын қайта талқылауда. Украина заңына сәйкес сот сайлау қорытындысына толықтай әсер ете алмайды, бірақ жекелеген аудандар бойынша шығарылған нәтижелерді жарамсыз деп табуға хұқы бар. Ал Парламенттің төтенше шақырылған сессиясында оппозиция Януковичтің үкіметіне сенімсіздік таныту мәселесі турасындағы ұсынысты күн тәртібіне шығарды. Қарашаның 21-де болып өткен президентттік сайлаудан бері оппозиция жетекшісі Юшенконың ондаған мың жақтастары ел астанасы- Киевтің орталық алаңын босатқан жоқ. Ал Януковичтің қолдаушылары шығыс Украинада шерулерге шығып, кейбір жергілікті билік егер Януковичтің жеңісі жоққа шығарылатын болса, автономия боп бөлінеміз деген де талапты алға тартты. Бүгін Украина парламентінің спикері Володимир Литвин автономияға бөлінуге шақыру заңға қайшы жане бұл арекеттер үшін Қылмыстық кодекс бойынша жауап берілуі тиіс деп айтқан. Украинаның ұлттық қауіпсіздік қызметі автономияға шақырғандарға қылмыстық іздестіру жарияладық деген. Парламент сондай-ақ Юшенконың қолдаушылары күн тәртібіне қойған Януковичтің үкіметіне сенімсіздік көрсету жөніндегі ұсынысты дауысқа салғанда, ол қолдау таппады. Өз орнынан кетіп бара жатқан президент Леонид Кучма дүйсенбі күні қалыптасып отырған саиси дағдарысты шешудің бірден-бір жолы мүмкін жаңадан сайлау өткізу болатын шығар деген ойын айтқан болатын.
XS
SM
MD
LG