Accessibility links

Румыния орталық сайлау коммиссиясы Румынияда жексенбі күні өткен президенттік және парламенттік сайлаулардың нәтижесін заңсыз деп жариялау керек деген оппозицияның талабын орынсыз деп жариялады


Ол талапты Әділет және Ақиқат тобынан президенттіктен үміткер, Бухарест қаласы әкімі Трайан Басеску аллянс атынан қойды. Басескудың айтуынша, ресми әкімшілік бәсекелес үміткер, бас министр Адриян Настасеге 160 мың дауысты қосып жазып жіберген. Алғашқы есеп бойынша Румыниядағы парламенттік сайлауда социал демократтар 37 пайыз дауыспен алда келеді. Ал президенттік бәсекеде бас министр Настасе 41 пайыз дауыс алса, Басеску 34 пайыз қолдауға ие.
XS
SM
MD
LG