Accessibility links

«Республика» және «Жас Алаш» газеттері депутаттар назарына ілікті

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Желтоқсанның 1-і күні Парламент Мәжілісінің депутаты Төлеген Мұхамеджанов «Республика» газетінің осы жылғы 26 қарашадағы санында бірінші бетке шыққан Мемлекет басшысының фото суретіне байланысты өз азаматтық позициясын білдірді. Депутат газетте шыққан фото суретті жеке өз басын да қорлау деп қабылдапты.

Мемлекет басшысын барлық қазақстандықтар сайлаған. Ол ел ішінде және сыртында біздің халықымыздың, мемлекетіміздің символын көрсетіп жүр. Сондықтан газетте жарық көргендей фото суретті басуға ешқандайда болмайды деп есептеймін дейді депутат Төлеген Мұхамеджанов. Депутат «Республика» газетінде жарияланған суретті жеке өмірге араласушылық деп біледі. Сондықтан ол бұл мәселеде депутаттар сырт қалмауы керек деген пікірде.

Төлеген Мұхамеджановтың айтуынша, шетелде мемлекет басшыларының фотосуреті бұлайша берілмейді.

Депутат Сатыбалды Ибрагимов әріптесі Төлеген Мұхмеджанов көтерген мәселені қолдайды және бір шешімге келуіміз керек деп есептейді.

«Республика» газеті жауапкершілікке тартылуы керек. Қандайма болсын шара қолдану қажет. «Республика» газетінде ғана емес. Жаппай қорлау, тіл тигізу жүруде. Біз бір айдай жұмыс істедік. Осы кезеңде өз адресіме 10 рет қорлау, тіл тигізу болғанын санадым. Өйткені, қалталы парламент дегенді мен өз атыма қабылдаймын дейді депутат Ибрагимов.

Депутат Ибрагимов ол адамдармен бетте-беп кездесіп ерлерше сөйлескісі келетінін айтты.

Депутат Оңалбай Аяшевтің айтуынша да ойына келгенін істеп жатқан тек бір газет емес. Ал, депутат Михайл Трошихин Бас прокуратура Қазақстан Конституциясының 46-шы бабының сақталу заңдылығына тексеру жасасын деп отыр. Онда Қазақстан президентінің абырой ар-намысы қолсұқпаушылық деп қаралған дейді.

Ал, «Республика» газеті бас редакторының орынбасары Галина Дырдина аталған суреттің осы жылғы көктемде «Глобол Витнесс Репорт» журналында жарияланғанын, шетелде бұл суреттің байыпты қабылдағанын айтады.

Біз бұл фото суретті өз материалымызға иллюстрация ретінде пайдаландық. Онда Назарбаев мырзаның Қытайдың белді жағажайларының бірінде демалып жатқаны жайында айтылады дейді Галина Дырдина.

Ал, Мәжіліс депутаты Серік Әбдірахманов «Жас алаш» газетінің үстінен Алматы қаласының Медеу аудандық сотына ар-намысын, қызметтік беделін қорғау, рухани зиянды өндіру мақсатында 10 миллион теңгеге талап арыз түсірді.

Бірақ «Жас алаш» газетінің бас редакторы Жүсіпбек Қорғасбек газетті сотқа тартатындай ешқандай себеп жоқ деп отыр.

Қалай дегенмен де депутат Серік Әбдірахманов біреудің бір тиынын алған емеспін. Ел алдында мұртымды алып, мұрынымды кесіп тастауға даярмын дейді.
XS
SM
MD
LG