Accessibility links

Орта Азияда СПИД ауруының таралу жайы. Қоғамдағы түсінік қаталдығы оның тарала түсуіне себепші


Әлемдегі ВИЧ және СПИД ауруына шалдыққандар өз қоғамдарында көзтүрткіге ұшырап жатады. Сондықтан олар ауруға қарсы күресіп қана қоймай, діни, әлеуметтік және мәдени тұрғыда тағылған айыптардан құтылу үшін де жанталасады. Ал, Орта Азиада СПИД аруына шалдыққандардың кездесер проблемалары- тіпті қатаң. Мысалы, Өзбекстан сияқты елде түрмедегі тұтқындарды жазалағысы келгенде ”СПИД вирусын егеміз” деп қорқытады екен. Енді осы жөнінде Азаттық радиосының тілшісі Каслин Мурдың мақаласына талдауды ұсынамыз.

“Әлем бойынша ВИЧ пен СПИД ауруларына шалдыққандарға жаман таңба басқандай етіп, оларды ұялту, шеттету әрекеттері орын алып отыр. Ондай үдерістен Орта Азия да құралақан емес”-, дейді Азаттық радиосының тілшісі Каслин Мур өз мақаласында. Ал, ВИЧ дегеннің адам ағзасында сырқатқа қарсы күресетін иммундық қасиеттердің тапшылығы екендігі, ал ол ауру өз кезегінде СПИД-ке алып баратыны белгілі. Сарапшылардың пікірінше, ине арқылы есірткі қабылдайтындар мен жезөкшелер полиция тарапынан зәбір шегіп жатады екен.

Адам хұқықтарын қорғау ұйымы өткен жылы Қазақстандағы “полиция қызметкерлері жезөкшелерді ұрып-соғып, есірткі қолданатындарға қарсы жалған айыптар тағады”, деген тұрғыда арнайы баяндама жариялаған болатын. Осыдан кейін олар емделуге немесе қосымша ақпарат алуға келуден тайсақтап жүреді, дейді сарапшылар. Алматыда орналасқан, БҰҰ жанындағы СПИД-ке қарсы күрес бағдарламасы өкілі Александр Косухин Азаттық радиосына былай деген болатын.

“Есірткіні ине арқылы қабылдайтындар өкімет мекемелері және ресми ұйымдармен байланыс түрінің кез-келгенінен алыс болуға тырысады. Олар қажетті ақпараттар мен тиісті білімді ала алмайды. Сондықтан да олардың қамкөңілділігі арта түседі. Осыған ұқсас жағдай жезөкшелер басында да бар. Қазақстан және Қырғызстан сияқты Орта Азияның бірқатар елдерінде жезөкшелік деген моральдық жағынан жиіркенішті қылық деп есептелмейді. Алайда, ол кәсіп иелері басқа бір себептермен тұтқындалуы мүмкін. Оларға деген мұндағы өшпенділік қатаң күйде”-, деді Косухин мырза. Ол сондай-ақ аталған топ өкілдерінің білім алудан да шеттетілетіндігін айтып отыр.

Ал, Өзбекстанда бұл орайдағы проблемалар басқаша қырынан көрініс беруде. Өзбек журналисі Руслан Шариповке түрмеде жатқан кезінде, басқа да тұтқындар қатарында, түрме қызметкерлері оған да “ВИЧ арунының вирусын енгіземіз”, деп қоқан-лоққы жасаған екен. “Менің байқағаным, онда әртүрлі атаулар жапсырылған шприцтер болатын. “Мынау СПИД-тің, ал мынау көкірек ауруының вирусы” деп олар ашық айтатын. Бірақ, сіз ол нәреселердің шын мәнінде не екендігін білмейсіз ғой. Сондықтан менің ойымша, бұл қадам ең әуелі, психологиялық тұрғыдағы қысым. Екінші жағынан алғанда, кім біледі, ол шынында да инфекция шығар”-, дейді Шарипов. Шариповтың бұл айтқандарын бейтарап түрде дәлелдейтін ақпарат Азаттық радиосында әзірге болмауда.

Қоғамда қалыптасқан осындай тосқауылдардан кейін ондай ауруға шалдыққандар арнайы тексеруден өтуден қашқақтайды, дейді сарапшылар. Мысалы, Тәжікстандағы СПИД-ке қарсы агенттік басшысы Азам Мирзоевтің айтуынша, елде осы ауруға шалдыққандар саны 317 деп көрсетілуде. Алайда, шын мәніндегі мәлімет бойынша, ондай сырқаттар саны 5 мыңға жуықтауы мүмкін, дейді Мирзоев.
XS
SM
MD
LG