Accessibility links

Ирақта соңғы күндері күдікті делінген 200-ден астам адам ұсталған


Американдық әскерилер бір аптадан бергі Бағдадтың оңтүстік аймағындағы көтерілісшілерді басу операциялары барысында күдіктелген 200-ден астам адамды тұтқындадық дейді. Бұл операциялар Фаллужа қаласында соңғы айда орын алған шайқастардың жалғасы ретінде жүргізілген болатын. АҚШ әскери басшылары қаңтар айында Ирақта өтетін сайлау алдында Фаллужа қаласынан шығатын жолдарды жауып, бұл аймақты көтерілісшілерден тынышатындырамыз дегенді айтады. Ирақтағы үлкендігі жағынан үшінші болатын Мосул қаласында да сейсенбі күнгі шабуылдар барысында 17 күдікті ұсталған.
XS
SM
MD
LG