Accessibility links

Румынияда парламенттік жане президенттік сайлаудың қорытындылары бүгін белгілі болды


Румынияда жексенбі күні өткен сайлаудың бүгін жарияланған қорытынды натижелеріне қарағанда биліктегі бұрынғы коммунистер 36,6 процент дауыспен парламенттік сайлауда жеңіске жеткен. Әлі де нақтылатын нәтиже бойынша, Либералдар мен демократтардың оппозициялық одағы 31,3 процент дауыс жинаған. Тараптардың ешқайсысы да Парламентте көп орын иеленуге қажетті дауыс жинақтай алмаған.

Сондай-ақ қатар өткізілген президенттік сайлауда премьер министр Адриан Настаз 40,9 дауыс алған. Трaян Базескудің алған даусы 33,9 процент. Енді 12 желтоқсанда ол екеуі президенттік сайлаудың екінші кезеңінде қайта бақ сынайды. Трaян Базеску кешегі дауыс берулер саны бұрмаланды, сайлау хәтижесі жарамсыз деп танылсын деп талап еткен болатын. Бірақ бұл талапты сайлау комиссиясы қабылдамады.
XS
SM
MD
LG