Accessibility links

Украина парламенті Януковичтің үкіметіне сенімсіздік көрсетуді жақтап дауыс берді


Европа мен Ресейдің арағайындары Украинада өткен даулы президенттік сайлаудан соң қалыптасқан саяси дағдарысты шешуге көмектесу жолдарын бірлесіп талқылауды қайта жаңғыртты. Украина парламенті оппозиция қойып отырған Янукович үкіметіне сенімсіздік танытылсын деген мәселені бүгін қайта қарап, дауысқа салды, 229 адам оны қолдап дауыс берген, бұл қажет болғаннан үш дауыс артық. Парламент спикері Володимир Литвин нәтижені былайша жариялады. -Шешім үшін 229 дауыс, тыңдаңыздар, отырыңыздар, тынышталыңыдар,-деп парламент төрағасы депутаттарды басуға тырысты. Сөйтіп Украина парламенті Януковичтің үкіметін таратып, уақытша үкімет құру жөнінде шешімді жақтап дауыс берді. Тек ең бір қызығы бұл құжатқа қол қоятын Украинаның қай президенті болар екен. Украинада 21 қарашада болып өткен президенттік сайлаудың қорытындысы жариялағаннан бері оппозиялық кандидат Ющенконың жақтастары Киевтің орталық алаңында ереуілдеп, шеруге шықса, елдің шығысында Януковичтің қолдаушылары наразылық танытқан болатын. Бүгін ертерек Януковичтің өз отаны болып саналатын Донецк облысының аймақтық Ассамблеясы 9 қаңтарда орталық биліктен бөлініп, автономия болу үшін референдум өткізу мәселесін дауысқа салған.

AzattyqTV

Атыраудағы Наурыз

"Киіз үйге кіргізбеді"

XS
SM
MD
LG