Accessibility links

Украина оппозициясынан президенттікке кандидат Виктор Ющенко қарашаның 21індегі сайлауды қайта өткізуге келісім беріп отыр


Бірақ ол бүткілдей жаңа сайлауға қарсы. Көппартиялық деңгейде өткен мәжілістен кейін қызметінен кетіп жатқан президент Кучма қарсылас тараптар өзара мәмілеге келді, деді.

-Партиялар саяси мәселені шешуде күш қолданбауды дұрыс деп тапты. Бәсекелес тараптар үкіметтік билікке қарсылықты тоқтатуға және оның жұмысына мүмкіндік беруге келісті, - деді Леонид Кучма.

Виктор Ющенко сәрсенбі күні кешке өз бәсекелесі бас министр Януковичпен және Үкіметтік ресмилер сондай-ақ, шет елдік өкілдермен кездесіп, Украинадағы сайлаулардан кейін орын алған саяси дағдарыстан шығу мәселесін талқылады. Ющенко егер жаңа сайлау болса тек қана Януковичпен қайта бәсекеге түспек. Сәрсенбі күні Украина парламенті бас министр Януковичтің кабинетіне сенімсіздік білдіріп дауыс берген болатын. Ал Янукович президенттік сайлаудың 2-турын заңсыз деп, Жоғарығы сотқа арыз берді. Президент Кучма және Еуро Одақтан саяси жетекші Солана жаңа үміткерлердің қатысуымен жаңа сайлау өткізу қажет дейді.
XS
SM
MD
LG