Accessibility links

Британия полициясы өз қатарын елдегі Мұсылман өкілдері офицерлерімен толықтыруды көздеуде

  • Нұрлытай ҮРКİМБАЙ

Ел бойынша өз қатарларын Мұсылман өкілдері полиция офицерлерімен және басқа да кадрлармен толқытыруды Британия полициясы жоспарлауда. Бұл үдеріс британия полициясы мен елдегі Мұсылман қауымдастығы арасындағы қарым-қатынастарды жақсарту бағытында жүзеге асқалы отыр.

Көшелерде Мұсылман полициясы офицерлері көптеп пайда болған сайын Британия полициясы мен Мұсылман қауымдастығы арасындағы қарым-қатынас жақсара түсетін түрі бар. Британия полиция офицерлері қауымдастығының өкілі Тим Махони бұл жөнінде: “Дұрыс бағытта келе жатқанымыз бізге айқын. Алайда, полиция мен Мұсылман қауымдастығының қарым-қатынастарын жақсартуда жеткілікті дәрежеде іс тындырылды, деп тоқмейілси қойған жоқпыз. Мысалы, лаңкестік әрекеттерге қатысты, яғни полиция қызметкерлерінің түсіндіру, бәлкім түсіндіре алмау бағытында біраз теке-тірестер бар”-, деді Махони мырза.

Өзара түсіністікке деген мұндай ұмтылыс Мұсылман қауымдастығы тарапынан полиция қызметкерлеріне қатысты шағымдардың көптеп түсуінен кейін пайда болған еді. Британия полициясының өздерін әдейі нысанада ұстап, жиі-жиі тоқтатып қойып, тінту жүргізетіні мұсылман қауымдастығы тарапынан бірнеше рет айтылған болатын. Енді міне Мұсылман өкілдері қатарындағы офицерлердің көптеп жұмысқа тартылуы және ел полициясы мен мұсылман топтары арасында тұрақты түрде сөйлесулердің жүргізілуі мұндай түсініспестік тұманын сейілтер деген үміт бар. Бұл орайда Мұсылман басшылары ілгерішіл үмітте отыр. Абдурахман Жаффар- Британия Мұсылмандары кеңесінің өкілі.

Оның айтуынша: “Бұл-бастамасы ғана. Алайда, біздің ойлағанымыздай нәтижелерге қол жеткіздік, деп айта алмас едім. Менің ойымша бұл орайда біз ұзақ жолды жүріп өтуіміз керек. Дей тұрғанмен, екі жақта да өзара сөйлесуге, бір-біріне құлақ қоюға дайын, осы бағытта іс жүзінде жұмыс жүргізгісі келетін азаматтар бар. Мұның өзі- оң қадам”-, деді Жаффар мырза.

Мұсылман Қауіпсіздігі форумы- елдегі ірі ұлттық Мұсылмандар ұйымдарының өкілдерін біріктіретін топ.

Осы және елдегі басқа да Мұсылман ұйымдарымен Британия полициясы әрбір екі ай сайын бірлесіп, келелі мәселелерді ақылдасуға тырысуда. Махони мырзаның сөзіне қарағанда, полиция қатарына мұсылман өкілдері көбірек қабылданған сайын, оның униформасын, яғни арнайы қызмет киім үлгісін жаңашалауға тура келуде. Атап айтқанда бас киім үлгілері толықтырылмақшы. Полиция қатарына қабылданған мұсылман әйелдері өздері қаласа арнайы униформалық орамалды бастарына салып жүрсе болады. Кейбіреулері орамал тартуды қаламаулары да мүмкін. Әркімнің өз еркі.

Махони мырзаның сөзіне қарағанда, осы айтылған үдерістердің барлығы да тек Британия полициясы мен Мұсылман қауымдастығының арасын ғана жақсартып қоймай, сондай-ақ тұтас елдегі көпұлтты тұрғындар арасында айрықша жарасымды сыйластықтың орнығуына септігін тигізетін болады. Бұл пікірмен Абдурахман Жаффар мырза да келісуде.
XS
SM
MD
LG