Accessibility links

«Экстремизмге қарсы күрес туралы» заң жобасы әлі пысықталуы керек

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Өйткені, экстремизм туралы түсінік заң жобасында нақты берілмеген. Парламенттің бірқатар депутаттары осындай пікірде. Ал, Әділет министрінің орынбасары Серік Баймағанбетовтың айтуынша, заң жобасында экстремизм туралы түсінік және оның үш түрі бары берілген. Ол саяси, ұлттық және діни экстремизм.

Әділет вице-министрі Серік Баймағанбетов тероризмнің жолын кесуде тиісті заң қабылданғанын, ал, экстремизм бойынша заң жобасы қабылданбағанын сондықтанда аталған құжаттың дайындалғанын айтады. Оның айтуынша, 2000-2004 жылдар аралағында ұлтық қауіпсіздік органдарының тергеу өндірісінде «Хизб-ут-Тахрир» экстремистік ұйымының мүшелеріне қатысты 84 қылмыстық іс болған.

Жобада сот экстермистік ұйымдарға қатысқан деп таныған адамдар үшін мемлекеттік, әскери және құқық қорғау органнына қызметке кіруіне шектеу көзделіпті.

Заң жобасының 1-ші бабаының 5-інші тармағында экстремизм-жеке адамның, жеке және заңды тұлғалар бірлестігінің белгіленген тәртіппен экстремистік деп танылған ұйымның атынан әркеттер ұйымдастыруы және жасауы деп көрсетілген. Алайда, сенат депутаты Бексұлтан Тұтқышев бұл арада нақтылықтан гөрі көп сөзділік басым деп есептейді.



Мәжіліс депутаты Амангелді Айталының пікірінше де заң жобасының кемшіліктері бар.

Экстремизмнің алдын алу, бұл мәселеде кешірімділіктің болуы, мемлекеттің үлкен бір алдын-алу тәрбилеу жұмысы. Жоғары оқу орындары жастарымен жұмысы, басқа да көптеген мәселелер ойластырылмаған. Сондықтанда бұл заң жобасының экстремизммен күшпенен күресуді алға шығаруы мені ойландырады дейді.

Біз діннің не екенін әлі білмейміз. Көп жағдайда экстремистік идеяларға танымдық тұрғыдан жастардың үйір болуы мүмкін. Білу үшін.Сондықтанда үйінен бір әдебиет табылды немесе сондай бір топтармен араласады екен деп кейбір жағдайда жастарды орынсыз жазалап жатпас па екен деген де ой келеді дейді депутат Амангелді Айталы.

Ал, Сенат депутаты Тасбай Симамбаев әртүрлі миссионерлер, дін мәселесінде жүрген әртүрлі ұйымдар көбейіп кетті. Сондықтан соларға тосқауыл қою үшін осы заң керек дейді.

Жалпы әділет вице-министрі Серік Баймағанбетов құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша қазіргі уақытта әлемде 500-ге жуық экстремистік және терористік заңсыз ұйымдардың барын айтып отыр.
XS
SM
MD
LG