Accessibility links

Қайғылы апаттан 20 жыл өткен соң да Бхопал қауымдастығы сауығу амылын жасауда


Үндістанның орталығында орналасқан Бхопал қаласындағы химия өндірісінде бүкіл әлемде болып көрмеген орасан зор апатқа 20 жыл толды. Үнді үкіметінің мәліметі бойынша, өткен 20 жылдың ішінде зауыттың пестицидтер сақталған қоймасынан ұшып шыққан улы изоцианат метил газының буынан кем дегенде 15 мың адам мерт болды. Химиялық зауыттың иесі – АҚШ-та құрылған “Карбид одағы” корпорациясы апаттың салдарын залалсыздандыру шараларын жүзеге асырып, Үнді үкіметіне 470 млн. доллар ақы төледі. Әйтсе де, ресми Дели жапа шеккендерге қажетті өтемақының үштен екісін төлемеген. Ал осы кезде зерттеулер зауыттың улы химикаттары ас суды әлі де ластап жатқанын анықтап отыр.

1984 жылдың 2 желтоқсанына қараған түні “Карбид Одағының” Бхопалдағы пестицидтер зауытынан улы газ ұшып шығысымен тір сәтте 3.5 мың адам қыршын кетті. Консервативтік үнді үкіметінің тізімі бойынша, сол апаттың салдыранын өткен 20 жылдан бері кем дегенде 15 мың адам көз жұмды. Алайда, қасіретке душар болған Бхопал қаласы тұрғындарының құқын қорғайтын белсенділеріндің мәлімдеуінше, қаза болғандардың нақты саны үкіметтің тізімінен 2 есеге дерлік көп. Адам құқықтары бойынша Amnesty International ұйымы құрбан болғандардың толық есебі 22-25 мыңның арасында деп мәлімдейді. Ресми үнді өкілдерінің мәлімдеуінше, осы күні 20 жылғы апаттың салдарынан 800 мың халық түрлі сырқаттан жапа шегуде.

Виджай Нагараджа - Amnesty International ұйымының Делиде жаңа кеңесшісі әрі “Бхопал трагедиясының” 2 жылдығына арналған “Әділетсіздіктің бұлты” атты жаңа зерттеудің авторы. “Азаттық” Радиосына берген сұхбатында В.Нагараджа Бхопалдағы химия зауытының бұрынғы иесі “Карбид одағы” мен зауыттың жаңа қожасы Dow Chemicals компаниясын ауаға жайылған химикаттардың құрамы туралы толық мәлімет бермей отыр деп айыптады. Виджай Нагараджа, сонымен қатар, апаттың қасыретін медициналық тұрғыдан тексеруді мезгілінен бұрын доғарды және апаттан қаза болғандарды мұқият қадағаламай отыр деп үнді үкіметін де айыптайды.

“Карбид одағы” мен Dow Chemicals – осы күнге дейін жалғасып жатқан қылмыстары үшін жауапқа тартылуға қаншалықты мүдделі!? Олар зауыттан шыққан апаттың салдарынан жоюға тиіс. Олар құрбан болғандардың алдындағы берешегін толық өтеп, сол түні ауаға жайылған улы газ туралы барлық мәліметті жариялауға міндетті. Ал Үндістан үкіметі апаттан қанша шығын келгенін, оның ішінде қанша адамның қаза болғаны, қаншасының ауруға ұшырағаны және қоршаған ортаның қанша ластанғаны жан-жақты да тиянақты есепке алынғанына кепілдік беруге тиіс. Үнді үкіметі, сондай-ақ, айыптылардың әділ жазаға тартылғанына жұрттың көзін жеткізуі керек; жапа шеккендерге дәрігерлік, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан жан-жақты көмек болатыны және халыққа әділ де тиесілі өтемақы төленетініне үкімет кепіл болуға тиіс. Біздің аталған компаниялар мен үнді үкіметінің алдында қойған талаптарының негізі осы”.

Ресми Дели мен “Карбид одағы” 1989 жылы өзара сот арқылы уәжге келді: оған сәйкес, АҚШ компаниясы құрбандарға өтемақы төлеуге 470 млн. доллар ақша бөлді. “Карбид одағының” өткен айда таратқан мәлімдемесінде айтылғандай, үнді үкіметімен арадағы осы келісім “апатқа байланысты қойылған қазіргі және болашақ талап-шарттардың барлығын” түгел қамтиды. Келісімде “Бхопал трагедиясы” үшін “моральдық жауапкершілікті” АҚШ компаниясы өз мойнына алады. Алайда Виджай Нагараджаның мәлімдеуінше, “Карбид одағының” заңдық міндеттемесі әлгі 470 млн. доллар төлеммен бітпейді.

Алаңдайтын тағы бір мәселе: жапа шеккендерге төлеу үшін “Карбио одағынан” бөлінген 470 млн. доллардың 2/3-сі Бхопал тұрғындарына әлі де толық төленбеген. Рам Пракаш Джайн деген қала тұрғындарының бірі “Рейтер” агенттігіне берген сұхбатында былай деп атап көрсетті: "Біз алып отырған өтемақы ешқашан бізге жетпейді. Өйткені трагедияның ауқымы адам айтқысыз зор болды. Осындағы жұрт – зомби тәрізді болып кеткен. Әрбір адам әйтеуір бір сырқатпен ауырады. Мен өз әйелімді емдеуге 200 мыңдай рупий (USD5.000$. Ред.) жұмсадым, ал оған дәл осы күнге дейін бар-жоғы 25 мың рупий өтемақы алдым”. Бхопалдың қара жұмысшысы Итвари Лал – трагедия болған түні қыршын кеткен ұлының орнын ешқандай өтемақы толтыра алмайды деп мәлімдейді.

"Газ жайылды дегенді естігенде мен ауруханаға бардым. Міне сол жерде мен өз ұлымның қандай азаппен өлгенін көрдім”. Бхопалда улы газбен тыныс алып аман қалған немесе ауаның ластануынан соңғы 20 жылдан бері алуан түрлі дертке ұшыраған адамдарға қамқор болып жүрген белсенді Адбул Джаббардың мәлімдеуінше,

“Жұрт мұнда өліп жатыр; олардың халі адам айтқысыз; адамдар дұрыс ем ала алмай көз жұмып жатыр; ешқандай диагноз жоқ, “дәрігермін” дейтін көз бояушылар әбден құнығып алған; халықта ақша жоқ”.

Бхопалдағы пестицид зауыты тоқтаған, бүгін қаңырап бос тұр. Бірақ белсенділер мен тәуелсіз зерттеушілердің мәлімдеуінше, зауыттан орасан зор экологиялық қатер төніп тұр – ол жерасты суын ластап жатыр.

Экологиялық Гринпис ұйымынан аттандырылған зерттеу тобы апат болған жерге оның қабырғамен қоршалып, үкімет күзетшілерінің тұруына қарамастан, өзге жұрттың кіруіне ашық. Әлгі жер жергілікті халық малын жаятын және балалар ойнайтын алаңға айналған. Би-Би-Си-дің тілшісі Пол Викерс өткен айда Бхопалда болып, ауада химикаттың иісі мүңкіп тұрғанын хабарлады. Ол, сондай-ақ, көптеген химия жабдығының ашық аспан астында шіріп тозығы жетіп, жаңбыр суымен жерге сіңіп жатқан көп жайды қағазға түсірді. П.Викерс зауыт жанындағы су құбырынан су үлгісін алды. Одан жергілікті халық су алады. Кейін Ұлы Британиядағы лаборатория судың ластануы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған деңгейден 500 есе жоғары екенін анықтады. Алайда Бхопалдағы жергілікті биліктің қоршаған ортаның ластануымен күресу басқармасының бастығы П.С.Дубей британ лабораториясының ол нәтижесін жоққа шығарды. Оның мойындауынша, муниципалдық үкіметтің зерттеуі де жергілікті судың ластығын анықтаған, бірақ ол Би-Би-Си-дің хабарлағанындай соншалықты жоғары емес.
XS
SM
MD
LG